Скачать книги категории «Разное»

Бастилия тұтқыны

Жанр: Разное

Кітапқа ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Бастилия тұтқыны», «Кішкентай Тим», «Қара шегіртке», «Жиһанкез», «Сүйкімді Нел», «Қоңыраулы мұнара» атты шығармалары енген. Онда адамның рухани қабатынан шығатын мейірім, махаббат, адалдық сияқты қасиеттер бас насихатталады. Бұл әңгімелер алғаш 1936-38 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

Балалар үшін

Жанр: Разное

Кітапқа орыс жазушысы Лев Толстойдың «Балалар әңгімесі», «Пилипок», «Булка», «Балапан» және «Мысал әңгімелері» еніп отыр. Шығармалардың дені бүлдіршіндердің танымына, ойлау қабілетіне ыңғайлы етіп жазылған. Кітаптың тілі шұрайлы, жатық. Бұл әңгімелер алғаш 1925-1937 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

Миғражнама оқиғасы

Жанр: Разное

Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Сияр Шәріп» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәріп» кітабынан алынған аңыздар берілген. Кітап Әзіреті Мұхамбет пайғамбардың өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

Әзірет Сұлтан аңыздары

Жанр: Разное

Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Яссауи феномені» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи мен оның шәкірттері жайлы аңыздар берілген. Кітап Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

Наурызнама

Жанр: Разное

Бұл кітапта Шығыстың жеті жұлдызының бірі – Омар Хайямның «Наурызнама» атты рисаласы берілген. Мұнда Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы хикаялар, парсы жұртындағы наурыз ғұрыптары жайлы аңыздар ұсынылады. Одан бөлек Шығыстың бірнеше шырынды хикаялары да қамтылған. Кітаптың соңғы жағына Шығыстың тағы бір жұлдызы – Тирмизидің «Наурызнама», «Салнама» сияқты рисаласы аударылып ұсынылды. Сосын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Наурызнамасы» да жинақталып берілді. Кітап шығыс даналығына, хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

Қабуснама

Жанр: Разное

Кейқауыс деген патша 63 жасқа келгенде өзінің ұлы Ғиланшахқа арнап өсиетнама кітабын жазады. «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл қазынам – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», – дейді. Кейін бұл кітапқа патшаның есімі тіркеліп Қабуснама деп аталады. Бұл кітап XI ғасырдан бастап Шығыс елдерінде өте кең таралады. Тіпті XX ғасырдың басына дейін өзекті дүниеге айналған. Бұл кітапты қазақ тіліне 1973 жылы Тұрсынәлі Айнабеков деген абыз ақсақал аударып, қазақша сөйлеткен. Сол кісінің еңбегін қайта басып отырмыз. Кітаптың мазмұны адамгершілік, әділдік, ар-ұят, махаббат, мейірім, жауапкершілік сияқты рухани феномендерді насихаттайды. Кітап Шығыс даналығы мен мұрасына қызығатын оқырманға арналады.

Сандыбадтың жеті саяхаты

Жанр: Разное

Бұл кітапта Сандыбад атты жиһанкездің басынан өткен қызықты оқиғасы берілген. Бұл оқиға – «Мың бір түн» ертегілер желісінен алынған. Ертегіні заманында Қалмақан Әбдіқадыров, Қайым Мұхамедханов сынды жазушылар аударған. Біз сол аудармаларды және орыс тіліндегі нұсқаларын жинақтап, редакциялап, мәтінді балалар тіліне лайықтап беріп отырмыз. Кітап қиял-ғажайып ертегіге қызығатын оқырманға арналады.

Қуыскеуде

Жанр: Разное

Бұл кітапта XXI ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның қазақ қоғамындағы пайда болуы мен таралу себептеріне экзистенциялық анализ жасалады. Әлем бойынша өзінің тарихи жадынан айырылып, ана тілі мен төл мәдениетінен көз жазып қалып, рухани тоқырауға тез ұрынған халықтың бірі – қазақ жұрты. Жалпы адам болмысының іштен бөлшектенуі XXI ғасырда жаппай белең алған қауіпті құбылыс саналады. Әзірге өз мәдениеті мен тарихы терең тамырына үңілуге қабілетті, сауатты елдер ғана бұл дертпен сәтті күресіп жатыр. Біз де осының қазақша нұсқасын жасадық. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырманға арналады.

Кітап оқымайтын қыз

Жанр: Разное

Бұл кітаптың идеясына ұқсас сюжеттер ағылшын, испан, түрік, парсы тілдерінде жарық көрген. Біз мұның қазақша нұсқасын жасап отырмыз. Яғни кітаптың кейіпкерлері мен мазмұны қазақы танымда баяндалған. Мұндағы мақсатымыз – кішкентай балаларды өз ұғымына, танымына жақын оқиғалармен қызықтырып, кітап оқуға баулу. Кітап бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналады.

Братец Лис и братец Кролик

Ваш малыш уже знает буквы и его ручки тянутся к книжкам? Покажите ему серию «Сам читаю по слогам». Это книжки небольшого формата, с большими буквами, и все слова разбиты на слоги с ударениями, В этой серии собраны лучшие произведения классиков детской литературы – С.Маршака, С.Михалкова, Э.Успенского, Г.Остера, В.Сутеева и других знаменитых писателей и поэтов. Каждую книгу маленькие мальчики и девочки смогут прочитать САМИ от начала и до конца, А потом будут гордо говорить: «Вот мои первые прочитанные книжки. Хочу читать ещё!» В этой книге ребята познакомятся с весёлыми сказками Дж. Харриса про коварного Братца Лиса и находчивого Братца Кролика.

Классный час с Эдуардом Успенским

Стопроцентно уверены, что вы с детства знаете этого удивительного писателя – Эдуарда Успенского, по сценариям которого снято столько замечательных мультфильмов. И конечно же, читали его книги про Простоквашино, крокодила Гену и Чебурашку, девочку Веру и обезьянку Анфису… Эта книга совсем другая: она проведет вас через весь год, заставит поработать мозгами, задуматься над своим поведением, исправить плохие оценки (если они, конечно, есть) и… рассмешит, поднимет настроение в круговерти школьных будней, заставит улыбнуться даже самых серьёзных… Согласитесь, провести год с классиком всегда полезно!

Для младшего и среднего школьного возраста.

Новогодние мечты

В этой волшебной книге собраны самые добрые и весёлые новогодние стихи известного поэта Владимира Степанова, детского педагога по образованию и призванию. Они легко читаются и запоминаются, ведь написаны от самого сердца для самых маленьких читателей. А благодаря необычным, сказочно-нежным иллюстрациям талантливой художницы Галины Зинько, книга обязательно станет лучшим подарком на Новый год и, возможно, исполнит все заветные мечты и пожелания детей.

Для среднего школьного возраста.

Путешествие к центру Земли / A Journey to the Centre of the Earth. Читаем в оригинале с комментарием

Лучший способ учить иностранный язык – это читать художественное произведение, постепенно овладевая лексикой и грамматикой.

Совершенствуйте свой английский язык, отправившись в увлекательное путешествие вместе с героями романа Жюля Верна «Путешествие к центру Земли»!

Вас ждёт невероятный доисторический мир, который покорит воображение даже самого искушённого поклонника фантастики. Здесь текут горячие реки и бушует океан, здесь можно прогуляться по грибному лесу и погладить динозавра, а также увеличить свой словарный запас и научиться использовать грамматические конструкции в контексте.

Полный текст произведения снабжён подробным лексико-грамматическим комментарием с отсылками на правила в Грамматическом справочнике.

В конце книги помещен англо-русский словарик, содержащий лексику романа.

Издание предназначено для всех, кто начал и продолжает учить английский язык, кто стремится читать книги на английском.

Однажды в лесу

Серия: Clever-чтение

Жанр: Разное

Кто покусал комара и куда торопятся ёжик Пашка с ёжкой Светкой? Отчего невесел лось и что внутри у енота Иннокентия? Кто такие хорхухо́ли-выхорьки и чем же так легендарен барсук?

В сказочном лесу целый день происходят всяческие увлекательности и весёлые интересности! «Однажды в лесу» – это сборник уморительных и добрых стихотворений, которые, несомненно, порадуют детей всех возрастов – от самых маленьких до чуть-чуть пожилых.

Ксения Валаханович – современный детский автор, обладатель престижных литературных наград и премий. Общий тираж книг стихов Ксении превысил четверть миллиона экземпляров. Её книги входят в списки бестселлеров детской литературы, а добрые и весёлые стихи с удовольствием читают не только дети, но и взрослые.

Робинзон Крузо

Жанр: Разное

Бұл кітап – ағылшын жазушысы Даниел Дефоның қызықты саяхат тақырыбындағы көркем шығармасы. Роман қазақ тіліне алғаш 1937 жылы аударылған. Соны қайта өңдеп, балалардың тіліне ыңғайлап шығарып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырмандарға арналған.

Дала

Жанр: Разное

Кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза де ла Раменің «Нелло мен Патраш» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Нелло атты жетім бала мен оның Патраш атты төбетінің басынан кешкен аянышты өмірі бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

Нелло мен Патраш

Жанр: Разное

Бұл кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза Раменің (Уида) «Дала» және «Өркөкірек» деген шығармалары еніп отыр. Бұл кітаптар 1937 жылы латын хәрпінде жарық көрген еді. Соны қайта басып, оқырманға ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

Бала Мәжиттің хикаялары

Жанр: Разное

Бұл кітапта Мәжит есімді ирандық баланың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Әжесінен басқа ешкімі жоқ бала Мәжит Иранның Керман қаласына жақын маңда туып, кейінірек әжесі екеуі қалаға көшіп келеді. Кітапқа сегіз әңгіме енді. Әр әңгімеде Мәжит қызықты да қиын бір жағдайға түсіп отырады. Бірақ бас кейіпкер қиыннан қиыстырып жол табуды да біледі. Кітап авторы ақкөңіл баланың аузымен тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтар мен өмірге деген құштарлық жайлы ойларын оқырманға шебер жеткізеді. Кітап балаларға, жасөспірімдерге, студенттерге және балалар әдебиетіне қызығатын барлық оқырманға арналған.

Диуани хикмет

Жанр: Разное

Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани хикмет» кітабы қазақшаға аударылып беріліп отыр. Жалпы «Диуани хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрггн нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында беруге тырыстық. Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін. Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.

Қасқыр. Киш туралы аңыз

Жанр: Разное

Кітапқа америкалық жазушы Ж. Лондонның «Қасқыр» және «Киш туралы аңыз» атты шығармалары енген. Балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдалып берілген. Бұл кітаптар алғаш рет 1936 және 1937 жылдары жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

Бес әңгіме

Жанр: Разное

Бұл кітапта француз жазушысы Ги де Мопассанның бірнеше шығармасы берілген. Бұл шығармалар 1935-1937 жыл аралығында қазақшаға аударылыпты. «Бес әңгіме», «Томпыш», «Франсуаза» деген атпен үш кітап жарық көрген. Одан бөлек 1925 жылдары «Қазақ», «Әйел теңдігі», «Ақ жол» деген газеттерінде «Қыр баласы» деген атпен Әлихан Бөкейханұлының аудармалары да жарияланыпты. Сол еңбектерді жинап, қайта ұсынып отырмыз. Бұл кітап әлемдік классикаға қызығатын, көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін барша оқырманға арналады.

Отбасындағы 30 сабақ

Жанр: Разное

Бұл кітаптың ішінде балалардың таным-түсінігіне арналған ертегілер, шешендік сөздер, қара есептер, мысал өлеңдер, әңгімелер, тарихи аңыздар енген. Кітапты ата-ана мен бала бірге оқуы керек. Себебі кітаптың ішіндегі тапсырмалар ата-ана мен балаға ортақ. Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.

Отбасындағы 30 сабақ

Жанр: Разное

Бұл дәптер – «Отбасындағы 30 сабақ» оқулығының балаларға арналған жұмыс құралы. Мұнда оқулықта берілген 10 тапсырманың жаттығулары жазылды. Яғни логикалық есептер, ребус, кроссворд, лабиринт, айырмашылық табу, бояу, Шульте кестесі сияқты жаттығулар берілді. Балалар жаттығуларды орындау үшін осы дәптерді қарындашпен бояп, сызып, көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді жаза алады. Жаттығу дәптері ата-ана мен балаларға, мұғалімдер мен оқушыларға арналған.

Жан Кристоф

Жанр: Разное

Кітапта француз жазушысы Ромен Ролланның «Жан Кристоф» атты романы балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Музыкаға жаны құмар бүлдіршіннің алғаш рет музыка әлемімен танысқаны, жас композитор атанғаны, тұңғыш рет сахнада өнер көрсеткені қызықты сюжеттер арқылы өріліп ұсынылады. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырман қауымға арналады.